Конституциялық өзгерістер: Отставкадағы судьялар оқытушылықпен айналыса алады
Мемлекет басшысының 2016 жылдың 14 маусымдағы кеңесінде Ұлт Жоспарын одан әрі іске асыру бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында заңдарды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты әзірледі.
Конституциялық заңға сәйкес «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына судьялардың кәсіби қызметінің кезеңдік бағалауының қорытындысы бойынша қабылданатын іс-шаралардың жетілдірілуіне бағытталған өзгерістер енгізілді.
Сот корпусы құрамының сапалығын арттыру мақсатында және бағалау механизмін жетілдіру, кәсіби біліктіліктің өсуін ынталандыру үшін судья кәсіби қызметі бойынша кезеңдік бағалаудан теріс нәтиже көрсеткен жағдайда оны қайта бағалаудан өткізбей-ақ қызметінен босатуды көздейтін өзгерістер енгізілді.
Сот жюриі судьяны басқа сотқа немесе басқа мамандануға ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда судьяны конкурс арқылы өткізбей-ақ басқа сотқа ауыстыру тәртібін реттейді.
Отставкадағы судьялардың бюджеттік ұйымдарда оқытушылық, ғылыми және басқа да шығармашылық қызметпен өмір бойғы ай сайынғы қамтылымның тоқтатылуынсыз айналысуына мүмкіндік беретін түзету енізілді.
Ұсынылған өзгерістер отставкадағы судьялардың тәжірибесін оларды мемлекеттік ЖОО-на, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында оқытушылық қызметке тарту жолымен судьялық кадрларды даярлауға қолдануға мүмкіндік береді.
Осы заңға сәйкес Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық кеңес қызметін қамтамасыз ету үшін бюджет қаражатын қолдану тәртібін бекіту бойынша құзыреті реттелді.
АХҚО қаржыландыру көзінің өзгеруіне байланысты «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізілген. АХҚО актілерін қабылдаудың қолайлығын қамтамасыз ету мақсатында Орталықтың органдарын тиісті актілерді қабылдауға құқылы ететін өзгерістер енгізілген.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі және «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының шегінде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің судья Сот жюриінің басқа сотқа немесе басқа мамандануға ауысу туралы шешімінен бас тартқан жағдайда оны қызметінен босату туралы Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысын қарау бойынша құзыретін нақтылайды.
Заңдардың ережелері сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты нығайту бойынша судьялардың жауапкершілігін арттыруға, судьяларды кадрлық іріктеу саласын реттейтін заңнаманы жетілдіруге ықпал етеді.