Конституциялық өзгерістер Үкіметтің жауапкершілігін күшейтеді - Ахмет Мурадов

 ОРАЛ. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты Ахмет Мурадов бүгін Оралдағы «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-да болып, еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Конституциялық өзгерістер Үкіметтің жауапкершілігін күшейтеді - Ахмет Мурадов

null

Онда А.Мурадов конституциялық өзгерістерге сәйкес Үкімет Елбасы айқындаған саясат аясында тиісті шешімдер қабылдай отырып, әлеуметтік-экономикалық саладағы жағдай үшін толық жауап беретінін атап өтті. Президенттің келісімімен мемлекеттік бағдарламаларды бекіту өкілеттігі Үкіметке өтеді. Атқарушы билік өзі жасаған және жүзеге асыратын құжаттар үшін өзі жауап беруі тиіс. Бұл өзгерістер Үкімет құрамына кірмейтін органдар және мемлекеттік кәсіпорындарды құру мен тарату өкілеттіктерін де қамтиды. 

null  

«Конституциялық өзгерістер және бес институционалдық реформа аясындағы мемлекеттік басқару жүйесінің жаңа құрылымы жаңашылдық сипатқа ие. Үкіметке, жергілікті атқарушы билікке, Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға, ҚХА мен азаматтық қоғамға мемлекеттік және қоғамдық жұмыстың жаңа технологияларын игеруге тура келеді. Конституциялық реформаның мемлекеттік-саяси жүйені дамытудың ондаған жылдарға созылатын кезеңін қамтитынын сезінген жөн. Кейбір билік өкілеттіктерінің Үкімет пен Парламентке берілуі Президенттің жоғары саяси төреші ретіндегі беделін көтере түседі. Осы орайда Парламент өзіне жүктелгелі отырған жаңа өкілеттіктерді атқара алады деп сенемін», деді Ахмет Мурадов.

null  

Мәжіліс депутаты сондай-ақ Елбасының жаңа Жолдауына байланысты алға қойылған мақсат-міндеттер жөнінде де айтып берді.