Конституциялық реформа экономикаға жаңа қарқын береді - сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда елімізде ұтымды бизнес жүргізуге түгел жағдай жасалған. Бұған 2005-2016 жылдар аралығында 260 млрд. АҚШ долларынан астам шетелдік инвестицияның тартылғаны да айғақ болады. Соңғы кездері экономикаға шетелден қаржы тарту бойынша өзге де дамушы елдердің бәсекелестігі артуына байланысты, Қазақстан осы саладағы өз артықшылықтарын ұсынуы қажет. Астана Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ­- Қазақстанның дәл осы инвестиция тарту қуатын арттыратын институттардың бірі.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Б. Сыздықовтың айтуынша, мұндай ірі экономикалық қадамдар жасауға Елбасы бастама көтерген конституциялық реформа кең мүмкіндіктер береді.

«Елорда аумағында АХҚО құру және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету Конституцияның 2-бабын 3-1 тармағымен толықтыруға байланысты. Оған сәйкес, «Астана қаласының аумағында конституциялық заңға сәйкес, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим орнатылуы мүмкін», - дейді маман.

ҚСЗИ ғылыми қызметкерінің сөзіне қарағанда, АХҚО бағалы қағаздар, банк, сақтандыру қызметтері нарықтарын, исламдық қаржыландыру нарығын дамыту арқылы шетелдік инвестицияларды тартудың қуатты құралына айналады. 

Соңғы жаңалықтар
telegram