Конституциялық сот 5 нормативтік қаулыны Атазаңға сай емес деп таныды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова Парламент палаталарының бірлескен отырысында ең көп өтініш қай өңірдің азаматтарынан түскенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 өңір арасында ең көп өтініш Астана, Алматы қалалары мен Қостанай облысының тұрғындарынан келіп түсті. Өкінішке қарай, 5 айдағы конституциялық іс жүргізу қорытындысы бойынша, жекелеген нормативтік құқықтық актілерде елеулі олқылықтардың бар екені анықталды», - деді ол.

Сондай-ақ, Эльвира Әзімова 5 айда мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілердің ішінде Конституцияға сай келмейтін нормалар болғанын атап өтті.

«Қабылданған 18 нормативтік қаулының бесеуінде нормалар конституцияға сай емес деп танылды. Тағы бесеуі бойынша Конституциялық сот біркелкі құқық қолдану мақсатында тиісті нормаларға түсіндірме берді. Қазіргі уақытта Үкімет пен мүдделі органдарға қажетті шара қабылдау ұсынылды», - деді Конституциялық сот төрағасы.


Соңғы жаңалықтар