Конституциялық сот Оңтүстік Корея президентінің импичментін мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты президент Пак Кын Хеге жарияланған импичментті мақұлдады. 
None
None

Бұл туралы дауыс беру қорытындысы жөніндегі Конституциялық сот үкімінде айтылған, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Осылайша, 10 наурыз оның мемлекет басшысы ретіндегі соңғы күні болды. Алайда, бұған дейін Оңтүстік Корея президенттері арасында мұндай оқиға болмағандықтан, оның мемлекеттік резиденцияны қашан босатуы тиістігі әлі белгісіз.

Заңға сәйкес, мерзімнен тыс жаңа президенттік сайлау 60 күн ішінде өтуі тиіс, күнтізбелік есеп бойынша, сайлау шамамен 9 мамырда болады.

Пак Кын Хе елдің бұрынғы президенттеріне берілетін артықшылықтардан: жалақының 70% көлеміндегі өмірлік зейнетақыдан (шамамен 12 миллион вон немесе $10,4 мың), үш көмекшіден, жеке жүргізуші мен мемлекеттік клиникалардағы тегін медициналық қызмет көрсетуден айырылады. Сонымен бірге, оған 10 жылға емес, тек 5 жылға күзет беріледі.

Сондай-ақ, экс-президент қылмыстық тергеуге тартылмау иммунитетінен айырылады. Демек, оңтүстіккореялық прокуратура Пак Кын Хеден жауап алып, әсіресе, оның жақын құрбысы Чхве Сун Силь мен Samsung компаниялар тобының басшысы Ли Чжэ Ённің даулы жемқорлық істеріне қатысты біраз мәселенің бетін ашады деген сөз. Прокуратура президенттің бұл қылмыстық әрекетке қатысы бар деп есептейді. Бұған дейін Пак Кын Хе тергеумен ынтымақтасудан бас тартып, оны «саяси тапсырыс» деп атаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар