Конституциялық Сот заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңды Конституцияға сәйкес деп таныды

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конституциялық Сот «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңды Конституцияға сәйкес деп таныды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конституциялық Сот шешімінен үзінділер:

«Заңның активтерді мемлекет кірісіне мәжбүрлеп айналдыру мәселелерін реттейтін ережелері конституциялық талаптарға қайшы келмейді (26-28-баптар). Мұндай шешімді сот азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарын сақтай отырып, прокурордың талап-арызы бойынша қабылдайды».

***

«Парламент депутаттары бастамашылық жасаған Заң Қазақстан қосылған, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес мәселелеріне байланысты халықаралық құқықтық актілердің ережелері ескеріле отырып әзірленді.

Конституциялық Сот Қазақстан ратификациялаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының кіріспесіне назар аударады. Оған сәйкес сыбайлас жемқорлық және қылмыстың басқа да түрлері, атап айтқанда, ақша қаражаттарының жылыстатылуын қоса алғанда, ұйымдасқан қылмыс пен экономикалық қылмыс арасындағы байланыстарға, мемлекет ресурстарының елеулі үлесін құрауы және осы мемлекеттердің саяси тұрақтылығы мен тұрақты дамуына қатер төндіруі мүмкін. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық жергілікті проблема болудан қалып, қоғамды және барлық елдердің экономикасын қамтитын ұлт шегінен тысқары құбылысқа айналып отыр».

***

«Заңның мақсаттары активтерді қайтару және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының заңды экономикалық айналымына тарту, оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ қоғамда әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру болып табылады (5-баптың 1-тармағы). Бұлар Конституцияның 1, 6 және 26-баптарының ережелеріне сәйкес келеді».

***

«Конституциялық Сот қаралып отырған Заңды қабылдай отырып, мемлекет елдің тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін Қазақстан халқының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жүйесін айқындайды деп есептейді. Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару конституциялық маңызды мақсаттарға сәйкес келеді, конституциялық негізделген әділдік, ақылға қонымдылық пен мөлшерлестік қағидаттары мүлтіксіз сақтала отырып, жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің теңгерімін ұстап тұруға бағытталған. Меншік құқығына қатысты мәселелерді тиісінше жүйелі бақылау және реттеу болған кезде, бүкіл халықтың мүддесі үшін экономика дамыған кезде мемлекеттің азаматтар мен қоғам алдындағы өзінің әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, саяси және құқықтық міндеттемелерін іске асыруына, Конституцияда талап етілетін ұлттық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге қаржылық және басқа да мүмкіндіктері көп болады».

***


Соңғы жаңалықтар