Конституциялық сотқа құрметсіздік көрсеткендерге 61 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституциялық сотқа құрметсіздік көрсеткендерге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. «Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына осындай норма ұсынылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатты Мәжіліс депутаттарына таныстырған ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 13 бабына түзету енгізу қарастырылғанын атап өтті.

Түзетулерді 4 бағытқа бөлуге болады.

Біріншіден, Конституциялық соттың құрылуына байланысты Конституциялық кеңес пен оның мүшелері аталған баптарға оларды Конституциялық сот және оның судьяларына ауыстыру тұрғысында нақтылайтын түзетулер ұсынылады.

«Сонымен қатар, Конституциялық сот туралы Конституциялық заң жобасының нормаларын іске асыру үшін Конституциялық сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді ұсынамыз», - деді министр.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай норма аталған кодекстің 653-бабында қарастырылмақ.

Бұл бап бойынша Конституциялық сотқа құрметсіздік көрсеткендерге ескерту жасалуы мүмкін немесе 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.


Соңғы жаңалықтар