Конституциялық сотқа түскен шағымдардың 41 пайызы сот үкімімен келіспеуден туындаған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова Парламенттің бірлескен отырысында азаматтардан келіп түсетін өтініштердің сипатына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Конституциялық соттың бес айдағы жұмысы азаматтардың өз өтінішінде заңның жекелеген ережелерінің конституцияға сәйкестігі проблемасын әділ көтеретінін көрсетті. Бес ай ішінде 3000-нан астам азамат өз құқығын конституциялық қорғауға жүгінді. Бұл цифр - азаматтардың жаңа органға деген жай ғана қызығушылығының дәлелі емес, ол өтініш берушілердің әрқайсысының өз құқығын қорғау ниетін растайды», - деді ол.

Эльвира Әзімованың айтуынша, Қазақстан заңнамасында Конституциялық сотқа жүгінгенге дейін құқықтық қорғаудың барлық басқа құралдарын қолдану туралы талап жоқ.

«Келіп түскен өтініштердің жартысына жуығы, шамамен 41%-ы сот шешімдерімен келіспеуден туындаған. Бұл ретте Конституциялық соттың сот шешімдеріне баға беруге құқығы жоқ екеніне назар аудару керек. Азаматтардан келіп түскен өтініштің бір бөлігі сот актілерінің орындалмауына, тұрғын үй және еңбек қатынастарына, әлеуметтік қорғауға, жазалардың орындалуына, ақпаратқа қол жеткізуге, жеке тұлғалардың банкроттығына және тағы басқаларға қатысты. Өтініштің төрттен бірінде ғана, яғни, 26%-ында азаматтар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің конституцияға сай-сай еместігін тексеруді сұрайды», - деді Конституциялық сот басшысы.


Соңғы жаңалықтар