Конституциялық соттың судьясына өмір бойы алатын төлем тағайындалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Конституциялық сотының судьясына өмір бойы ай сайынғы төлем тағайындалады. Осыған қатысты Үкімет қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конституциялық соттың судьясына өмір бойы алатын төлем тағайындалады
«Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары бекітілсін», - делінген құжат мәтінінде.

Қаулымен бірге Сотының судьясына өмір бойғы төлем төлеу ережесі де бекітілді.

Еске салсақ, өткен жылы қарашада Сенат Конституциялық сот туралы заң қабылдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова ҚР Конституциялық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар Конституциялық Сот төрағасының орынбасары белгілі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот Әділетті Қазақстанның айнасы болады деді.