Конституцияның арқасында көне қазақ жерінде өркендеген мемлекет құрылды - Қарағанды облысының әкімі

ҚАРАҒАНДЫ. 30 тамыз. ҚазАқпарат - Қарағандыда ҚР Конституциясы күніне арналған жаппай салтанатты шаралар өтуде.

Конституцияның арқасында көне қазақ жерінде өркендеген мемлекет құрылды - Қарағанды облысының әкімі

Мыңдаған адам қала орталығында Тәуелсіздік алаңына жиналды, мерекелік шара «Ата заңым - айбыным» атты концерттік бағдарламамен ашылды.

«Конституцияның арқасында көне қазақ жерінде өркендеген мемлекет құрылды. Бірлік пен халқымыздың, ата-бабаларымыздың көрегендігі біздің жетістігіміздің негізі болып табылады», - деді облыс әкімі.

Концертте қазақстандық эстраданың жұлдыздары Бақыт Шадаева және Ерлан Көкеев, ресейлік «На-На» тобы ән шырқады.

Мерекелік шара этномәдени бірлестіктердің ұжымдары қойған қойылымдармен жалғасын тапты. Тәуелсіздік алаңында Конституция күні мен «Астана - түркі халқының мәдени астанасы» жылына арналаған «Біз-Қазақстанның халқымыз» атты облыстық ұлттық мәдениет фестивалі өтуде.