«Конституцияның құрметіне өткізілген жоғары дәрежелі әскери шеруді абыроймен өткердік деп санаймын» - әскери парадқа қатысқан тұңғыш әскери қызметтегі әйел

АСТАНА. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - «Конституцияның құрметіне өткізілген жоғары дәрежелі әскери шеруді сындарлы да, абыроймен өткердік деп санаймын» - дейді бірінші рет әскери парадқа қатысқан әскери қызметтегі әйел, Талдықорған қаласындағы нөмірі 54380 әскери бөлімшенің әскери қызметшісі Лаура Жүнісова.

«Конституцияның құрметіне өткізілген жоғары дәрежелі әскери шеруді абыроймен өткердік деп санаймын» - әскери парадқа қатысқан тұңғыш әскери қызметтегі әйел

Бүгін Конституция күні мерекесіне орай өткізілген әскери шеруде 2200 шеру жасақтарының қатарында әскери қызметтегі әйелдердің қорабы сап түзеп өтті. Биылғы әскери шерудің бас ерекшелігі де осында. 84 адамнан тұратын аталған жасаққа Қазақстанның шартарабынан әскери қызметтегі қыздар таңдалды.

«Конституцияның құрметіне өткізілген жоғары дәрежелі әскери шеруді сындарлы да, абыроймен өткердік деп санаймын. Конституция күнінде барлық азаматтарға денсаулық, отбасыларына береке және сәттілік тілеймін! Алған әсеріміз өте жақсы. Парадқа арнайы үстімізге киер салтанатты киім-кешек формалары дайындалып, тіктірілді. Бұл тіктірілген киім әскери форманың жаңа үлгісі болып табылады. Және соны дәлдеп киген алғашқы адамдар біз болдық. Сондықтан әрбірімізде ерекше толғаныс, айырықша тебіреніс бар», деп атап көрсетті ол.