Конституциялық сотқа азаматтардан 5 мыңнан астам өтініш түсті — Эльвира Әзімова

Азимова Эльвира Абилхасимовна
Фото: Конституциялық сот

АСТАНА. KAZINFORM — Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова соттың Қазақстандағы конституциялық заңдылықтың 2023 жылдағы жай-күйі туралы жолдауын жариялап жатыр.

«Конституциялық заңдылықты бекіту мемлекеттің қабылданған барлық міндеттемелерді орындау, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін сақтаудың тұрақтылығын қолдау, әркімге сот арқылы қорғалу құқығын іске асыру мүмкіндігін беру, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеудің мөлшерлестігі, қабылданған міндеттемелер тиісінше орындалмаған жағдайда мемлекеттің жеке адам алдындағы конституциялық-құқықтық жауапкершілігі міндеттерін көздейді. Республикалық референдум нәтижелері бойынша айқындалған конституциялық құндылықтар заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерде, құқық қорғау тетіктерін және қоғамдық бақылауды нығайту шараларында логикалық және дәйекті көрініс тапты», — деді ол.

Оның атап өтуінше, өткен жылы конституциялық бақылау органына азаматтардың 5 мыңнан астам өтініші келіп түсті. 

«Азаматтар зейнетақы заңнамасының, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстердің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының жекелеген нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексеруге қатысты жүгінді. Азаматтардан келіп түскен өтініштердің басым бөлігі нақты істер бойынша жалпы юрисдикция сот шешімдерінің күшін жою немесе оларды қайта қарау туралы, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және құқық қорғау органдарының жекелеген қызметкерлерінің өзге де әрекеттерінің заңдылығын тексеру туралы болды. Басқаша айтқанда, мұндай өтініштер Конституциялық соттың құзыретіне кірмейді. Олар жалпы юрисдикция соттарының немесе басқа мемлекеттік органдардың қарауына жатады», — деді Эльвира Әзімова.

Соңғы жаңалықтар
telegram