Консулдық жанынан көші-қонменен тікелей айналысатын штат ашу қажет - С.Елубаев
С.Елубаев Үрімжідегі консулдықта кезекте тұрған 8 мыңға жуық адамнан пара алғандары болса қызметінен босатып, жемқорлықпен күресу қажеттігін алға тартты.
Сондай-ақ жазушы елдегі сағат оңға қарай соққанымен, шеттегі қазақтардың сағаты кейін айналып жатқандығын, олардың қытайлануы, орыстануы, өзбектенуі жүріп жатқандығын айтып өтті.
С.Елубаев: «Қазақтардың ең көп орналасқан жерінің бірі Қарақалпақстан. Сондағы Нүкіс қаласынан Қазақстанның консулдығын ашып, ондағы қандастарға елге оралуға жағдай жасау керек», -деген ұсынысын білдірді.
«Қазір Елбасымыз Н.Назарбаевтың әлем елдері арасында беделі өте жоғары. Оның қандай басшыларға болмасын айтқан сөзі жүретін кезі. Осындай ғажайып мүмкіндікті пайдаланып, тарыдай шашылған қандастарымызды елге оралтсақ жақсы болар еді», -дейді ол.