Контрабандалық жолмен елден алып кетпек болған сұңқар құстар бостандыққа жіберілді

АЛМАТЫ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қызыл кітапқа енгізілген сұңқарлардың 11 данасын жасырын түрде ел аумағынан алып кетпекші болған Қазақстан азаматынан тәркіленген құстар бүгін Алматыда бостандыққа жіберілді.
None
None

Естеріңізге сала кетсек, 1971 жылы туылған азамат қарашаның 30-ы күні Алматы Халықаралық әуежайында «Алматы -Шарджа» бағыты бойынша №254 рейсіне кедендік бақылау жүргізу барысында ұсталған болатын.

Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тәркіленген сұңқарлар өздері мекен ететін Алматы облысының Іле мен Күрті аймағына жіберілді. Акцияны ұйымдастырушылар - Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті.

Соңғы жаңалықтар