Контрабандашылар ескі шақаларды Ресейден Қазақстанға жеткізбек болды

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петербор кеденінің қызметкерлері Ресейден мәдени мұра жәдігерлерінің заңсыз әкетілу фактісінің жолын кесті.

Контрабандашылар ескі  шақаларды Ресейден  Қазақстанға  жеткізбек болды
Қазақстанда тұратын азаматқа жөнелтілмек болған бандероль ішінен ХІХ ғасырдың үш шақасы табылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Солтүстік-батыс кеден басқармасының баспасөз қызметінен. 1811 жән 1812 жылдары шығарылған номиналы «2 копейкалық» шақалар, сараптаманың қорытындысы бойынша Ресейден әкетілуіге болмайтын мәдени құндылықтар деп танылып отыр. Бұл факті бойынша бандерольды жөнелтушінің үстінен «мәдени құндылықтар контрабандасы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.