Контрацептив дәрілер жанардан айыруы мүмкін
АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Жүктіліктен сақтайтын дәрі-дәрмекті үнемі қолданатын қыз-келіншектер арасында суқараңғылық ауруы екі есе жиі кездеседі. Жаңа Орлеанда өткен Америка офтальмология академиясының дәстүрлі жиынында АҚШ пен Қытай дәрігерлері осындай мәліметті жария етті.
«РИА Новости» порталының хабарлауынша, ғалымдар АҚШ-тың жасы 40-тан асқан 3500 әйелдің денсаулық тарихын зерттеген. Соның нәтижесінде контрацептивті жиі қолданатын қыз-келіншектердің глаукомаға шалдығу қаупі жоғары болатыны дәлелденді. Дәрігерлердің айтуынша, препараттардың қай түрінің де әйел ағзасына әсері бірдей деңгейде болған. Глаукома немесе суқараңғылық - көз іші қан қысымының артуынан көру мүмкіндігінің кемуі және көру жүйкесінің зақымдануы. Америка мен Қытай мамандары гинекологтердің өз пациенттеріне контрацептивтердің осындай кері әсері барын ескертіп отыруы керектігін айтады, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.