Контрафактілік бағдарламаларды қолданатын қазақстандық компаниялар жылына 1 миллиард АҚШ долларын жоғалтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Контрафактілік компьютерлік бағдарламаларды қолданатын қазақстандық компаниялар жылына 1 миллиард АҚШ долларын жоғалтады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен дөңгелек үстелде «MicrosoftKazakhstan» ЖШС бас директоры Алексей Рештенко мәлім етті.
None
None

«Қарақшылық - киберқылмыскерлер үшін ақпараттарды ұрлаудың және оны кейін сатудың тиімді әдісі. Әлемде адамдар ақпараттың сыртқа шығып кетуінен шамамен 120 млрд. шығын көреді, олардың ішінде қазақстандық компаниялар 1 млрд. долларға зардап шегеді. Жеке пайдаланушылар 60 млн. доллар көлемінде жоғалтады. Ғаламтор арқылы көшірілген бағдарламалардың 76 пайызында зиян келтіретін код болады. Сол арқылы зиянкестер ақпарат ұрлап отырады. Бізде 4 пайдаланушының үшеуі контрафактілік өнімді қолданады. Егер осының барлығын қоссақ, жағдайдың тым нашар екендігін байқаймыз», - деді ол.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар, жеке тұлғалар және компания басшылары контрафактілік өнімдерді таратушылармен белсенді күресулері шарт.

Соңғы жаңалықтар