Конвенция пайдаланылған отынмен және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігін қарастырады

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріккен конвенцияны бекітуді көздеген заң жобасы Мәжіліске келіп түсті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1997 жылы қыркүйек айында қол қойылған Конвенцияны Үкімет депутаттардың қарауына заң жобасы түрінде ұсынып отыр. Бүгін өткен Мәжіліс Бюросының отырысында ол Палатаның жалпы отырысының күн тәртібіне ұсынылды.

Конвенцияның негізгі мақсаты ұлттық шараларды және халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде тиісті жағдайларда қауіпсіздік саласындағы техникалық ынтымақтастықты нығайту жолымен бүкіл әлемде пайдаланылған отынмен және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу және оны қолдау болып табылады.

Үкіметтің берген түсіндірмесіне сүйенсек, осы Конвенцияны ратификациялау Қазақстанның пайдаланылған отынмен және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің халықарлық стандарттарға сәйкес қауіпсіз жүйесін жасау ниетін айғақтайды. Сол арқылы Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау үшін Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Канадамен, Франциямен, Жапониямен және Үндістанмен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы үкіметаралық келісімдерге қол қоюға әзірлік жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар