Қоныс-колониясынан қашқан екі адам екі тәуліктің ішінде ұсталды

АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/- Мереке күндері Қызылорда облысының Тартоғай ауылында орналасқан қоныс колониясынан екі сотталушы қашып кетті, деп хабарлады Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.

Қоныс-колониясынан қашқан екі  адам   екі тәуліктің ішінде  ұсталды

Жазаларын өтеуден жалтарған сотталушыларды іздестіру шаралары дереу ұйымдастырылып, комитет қызметкерлерінің сауатты іс-шараларының нәтижесінде әлгі екеуі Алматы облысы Қарасай ауданындағы Алғабас ауылында ұсталды. Тәртіп сақшылары оларды екі тәулікке жеткізбей қолға түсірді.

Әлгілердің бірінің жазасы бір жылдан кейін, екіншісінің мерзімі - екі жылдан кейін аяқталуы керек-тін. Бірақ бұл әрекеттерінен кейін олар жазаларын жабық колонияда өтейтін болады.

"Бұл - жылдың басынан бері қоныс-колониясынан қашудың төртінші оқиғасы. Қашқындардың бірі іздері суымай алғашқы тәуліктердің ішінде ұсталды", - деп хабарлады пенитенциарлық жүйенің баспасөз қызметінен.