Кооперативтерге рефрижератор мен сүт таситын машиналар кепілсіз несиеге беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы кооперативтері рефрижераторлар мен сүт таситын машиналарды кепілсіз несиеге ала алады. Бұл туралы бүгін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Жандар Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Биыл қор арқылы ауыл  тұрғындары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қаржыландыру үшін 41 млрд  теңге қарастырылған. Қазіргі таңда республика бойынша қордың  қатысуымен 386 кооператив құрылды. Олар 13 мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктірді. Бүгінгі таңда 147 кооператив 1,2  млрд теңгеге қаржыландырылды және 3,5 мың кооператив мүшесі жалпы сомасы 10 млрд теңгеден астам несие алды. Қордың өз қаражатынан жүргізілген қаржыландыру қазіргі уақытта 16,6 млрд теңгені құрайды. Онымен қоса «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасына да тікелей қатысымыз бар», - деді ол.

Оның айтуынша, қор бұл бағытта да жеке үй шаруашылықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды қаржыландыру жұмыстарын жүргізіліп жатыр.

«Бұл бағдарлама аясында ауыл тұрғындарына 11 млрд  теңге қаржы бөлінді. Жалпы барлық қаржыландыру көздерін қосқанда бүгінгі таңда қор тарабынан 27 млрд теңге бөлінді», - деді Ж.Омаров.

Жандар Омаровтың сөзіне қарағанда, 1 шілдеден бастап кооперативтер рефрижераторлар мен сүт таситын машиналарды кепілсіз несиеге ала алады.

«Жалпы биылғы жылдың 7 ай нәтижесінде 92 сүт қабылдау бекеті, 22 мал сою бекеті, 3 мыңға жық шағын мал  бордақылау алаңы және 1200 отбасылық сүт-тауарлы ферма қаржыландырылды», -  қор басшысы.

Соңғы жаңалықтар