13:38, 04 Наурыз 2012 | GMT +5
Көп қабатты үйде болған өрт, бір адамның өмірін қиып кетті- ҚР ТЖМ
АСТАНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Ақтау қаласында 5-этажды үйде өрт болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Жалын тілі бір сағаттан кейін ауыздықталды. Өртті сөндіруге Маңғыстау облыстық ТЖД-нің 7 адамы мен бір техникасы жұмылдырылды.
10 адам көшірілді, Өрт орнынан 60 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Сондай-ақ Астанада жексенбіге қараған түні жатахқана ретінде қайта жабдықталған үй өртенді. Жалын тілі 400 шаршы метрді шарпыды. 97 адам көшірілді, олардың 15-і балалар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.