Көп ұлтты Қазақстанның тағдырын бейнелейтін жаңа телехикая түсіріліп жатыр (ФОТО)

16 сериядан тұратын драма көптеген қазақстандықтардың тағдырының мысалында Тәуелсіз Қазақстанның барлық қалыптасу кезеңдері туралы баяндайды. Бұл шынайы оқиға түрлі ұлт өкілдері мекендейтін шағын ауылда өтеді. Нақты айтқанда, хикая оқиғасы Астананың түбінде орналасқан Целиноград ауданына қарасты Новоишимка ауылында және елорданың өзінде де өрістейді. Уақыт өте келе шағын ауыл өркендеп, Астананың ажырамас бөлшегіне айналады. Телекөрермендер киноқаһармандардың тағдырларын Тәуелсіздік орнаған 1991 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін жас елорданың қарқынды дамуымен бірге тамашалай алады. Кинотуындының бас қаһармандары - Қаратаевтар отбасы. Осы отбасының айналасында түрлі ұлт өкілдері бірігеді. Киноға Алматы және Астана қалаларының театр және кино актерлары қатысады. Отағасы Тұрғамбайдың рөлін танымал актер Нұржұман Ықтымбаев Байжұманұлы, ал оның әйелін актриса Райхан Айтқожанова сомдайды. Олар өз өмірлерін түгелдей темір жол саласына арнағандар. Кинокартинада маңызды рөлдің бірін дәрігер Юрий Цой ойнайды. Сондай-ақ, ауылдастарын жарықтың жоқтығынан сақтап қалған және әлемдегі барлық оқиғалардан хабардар болу үшін «кеңестік» кезең құлаған кезде электрогенератор ойлап тапқан өнертапқыш Андрей Гибнер тұлғасында инновацияға да орын беріледі. Алғыр кәсіпкер Ысмайылдың арқасында ауылда сауда-саттық өркендейді. Жас Қазақстанның қалыптасуына өз үлесін Валентина Федеровна да қосады, кейіннен ол Қазақстан Халқы Ассамблеясының (ҚХА) мүшесі болады. Кинода қазақстандықтардың жаппай Наурыз мейрамын тойлаған және Қазақстанның БҰҰ-ға толық қанды мүше болған 1992 жыл сәтті шыққан. Көптеген ұлттар мен конфессия өкілдері тұратын ауылдың өркендеуімен ҚХА құруға мән беріліп, ұлттық валюта - теңгенің қабылдануы да хикая қаһармандарының өмірінен бейжай қалмайды. Кинода махаббат пен түңілу, жақсылық пен зұлымдық қатар жүреді. Алайда хикая қаһармандары ынтымақ пен бірліктің арқасында, қоғам мен мемлекетке пайда тигізу мақсатымен барлық қиындықтарға төтеп беріп, алға қойған асқақ армандарына қол жеткізеді. Туындының қоюшы режиссері - Ержан Рүстембеков, қоюшы оператор - Николай Работягов, қоюшы суретші - Марат Иманберген, продюсері - Құралай Анарбекова.