17:39, 06 Қазан 2013 | GMT +5
Көп ұйықтаған денсаулыққа өте зиян
АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Ұйқы қанбауының адам ағзасына кері әсер ететіндігін білеміз. Енді белгілі болғандай қажетті уақыттан көп ұйықтаудың да зияны шаш етектен екен. Американдық медицина академиясының жаңа зерттеулері шамадан көп ұйықтаудың диабетке шалдығуға, жүрек аурулары мен артық салмақ қосуға себепкер болатындығын дәлелдеді, деп жазады The Daily Mail.

«Салауатты өмір тек диета ұстаумен және дене еңбегімен шұғылданумен ғана шектелмейді. Адамның қашан жатып қанша ұйықтағаны да аса маңызды. Ересек адамдар тәулігіне 7-9 сағат ұйықтауға тырысады. Бірақ бұл созылмалы дертпен ауыратындарға ғана пайдалы», - деп түсіндірді ұйқы маманы Сафван Бадр.
«Көп таралған ұйқы аурулары, атап айтқанда ұйықтай алмау және апноэ (ұйқы кезінде тыныстың тарылуы) бұл негізінен созылмалы аурулары бар адамдарда болады. Егер сіз таңертең шаршап тұрсаңыз, дәрігерге қаралып себебін анықтағаныңыз жөн», - деп түйіндеді С.Бадр.