14:49, 24 Наурыз 2023 | GMT +5
Қопа станциясында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат –Қопа станциясында жүк пойызы вагондарының рельстен шығып кету фактісі бойынша Қазақстан темір жолында арнайы коммиссия құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚТЖ» ҰК«АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«23 наурыз сағат 12:20-да Алматы облысы Қопа станциясында жүк пойызының қозғалысы кезінде контейнерлері бар 4 вагон рельстен шығып кетті.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ.
ҚТЖ-да болған оқиғаның себебін тексеру үшін комиссия құрылды», - делінген компания мәліметінде.