Көпарналы хабар таратуда таралуына байланысты міндетті теле-радиоарналардың саны бекітілді

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Көпарналы хабар таратуда таралуына байланысты міндетті теле-радиоарналардың саны бекітілді.

Көпарналы хабар таратуда таралуына байланысты міндетті теле-радиоарналардың саны бекітілді

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығы №203

2012 жылғы 6 желтоқсан Астана қаласы
Көпарналы хабар таратуда таралуына байланысты міндетті теле-, радиоарналардың санын бекіту туралы

2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Телерадиохабарларын тарату туралы» Заңы 7-бабының 19) тармағына және Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның 2012 жылғы 2 қарашадағы № 2 ұсыныстарын ескере отырып, бұйырамын:
1. 14 (он төрт) көпарналы хабар таратуда таратылуына байланысты міндетті теле-, радиоарналар айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Қырықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр Д.МЫҢБАЙ.