Көпбалалы отбасылар әкімдіктің уақытша баспанасына қалай өтінім бере алады

АСТАНА. KAZINFORM — Астана әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасыларға арналған «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша өтінім беру нұсқаулығын дайындады. 

жилье, квартиры, ипотека, пәтер, тұрғын үй
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Порталда өтінім қабылдау 23 қыркүйекте сағат 09:00–де басталып, 7 қазан сағат 18:00–де аяқталады.

ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ?

  • ЭЦҚ кілті;
  • Өтініш берушіге және отбасы мүшелеріне жылжымайтын мүліктің болмауы / болуы туралы анықтама (өтініш берілген күні EGOV.KZ арқылы алынған);
  • Балалардың туу туралы куәліктерінің және отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің сканер-көшірмелері (бар болса);
  • Неке/ажырасу/әке болу/қайтыс болу туралы куәліктердің скан-көшірмелері (бар болса);
  • Тіркелмеген неке туралы нотариустың анықтамасы (тұрмыс құрмағандар/үйленбегендер үшін);
  • Үлеске немесе жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар (Шарттың, куәліктің және т. б. көшірмесі);
  • Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің мүгедектігі туралы анықтаманың сканер-көшірмесі (бар болса).

ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ ҚАЛАЙ ӨТІНІШ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

  1. Алдымен компьютерде NCAlayer орнатылғанына көз жеткізіңіз (бағдарламаны мына жерден жүктеуге болады pki.gov.kz).
  2. birge.astana.kz порталына өтіңіз, «Жеке тұлға» ретінде кіріңіз немесе тіркеліңіз, ЖСН, телефон нөмірін және ЭЦҚ кілтін толтырыңыз (RSA/GOST сертификаттары).
  3. «Тұрғын үй бағдарламалары» немесе «Танымал қызметтер» бөліміне өтіңіз.
  4. «Халықтың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасылар санаттары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» қызметін таңдаңыз.
  5. Өтініш формасын ашу үшін «Қосу+» түймесін басыңыз.
  6. Нысанды толтырыңыз, құжаттарды тіркеңіз, ЭЦҚ (RSA / GOST сертификаттары) көмегімен өтінішке қол қойыңыз және жіберіңіз.
  7. Нәтижесі бар KiT_Notify немесе SmartAstana-дан SMS-хабарлама күтіңіз.

Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты мына сайттан немесе +7 (7172) 28-09-59 номері арқылы аласыз.

Соңғы жаңалықтар