Көпбалалы ана атану үшін мүмкіндік көп - Алтын алқа иегері

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Көпбалалы ана атану үшін мүмкіндік көп. Батыр ана Жанар Шұғылова БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көпбалалы ана атану үшін мүмкіндік көп - Алтын алқа иегері

Бүгін Жанар Шұғыловаға Халықаралық əйелдер күніне арналған салтанатты жиында құрмет көрсетілді. Талдықорғанда өткен мерекелік шара барысында Алматы  облысы әкімінің міндетін атқарушы Ләззат Тұрлашов  алтын алқа табыс етті.

«Алты балам мектепте оқиды. Барлығы үздік оқушылар. Аллам қуат берсе еліміздің демографиялық ахуалын өсіруге үлес қосуға дайынмын. Біздің елде көпбалалы ана атану үшін мүмкіндік көп», - деді Кербұлақ ауданының тұрғыны, Алтын алқа иегері Жанар Шұғылова.                                                         
null
                                                                                 
Жанар Шұғыловамен қатар, Панфилов ауданының тұрғыны Бақытгүл Өмірзаққызына және Сарқан ауданының тұрғыны Раушан Нұрғазиева  сахна төрінде алтыннан алқа тақты. Ал күміс алқа Қарасай ауданының тұрғыны Сәттігүл  Мұсабекова және Райымбек ауданының тұрғыны Өкіл Мейрашқа табыс етілді. 

Айта кету керек, бүгін Алматы облысының әкімдігі əр салада табысты еңбек етіп жүрген нəзік жандарға  құрмет көрсетті.

null 

Олардың бір қатары облыс əкімінің құрмет грамотасы жəне алғыс хаттармен марапатталды. Құрметке бөленгендер қатарында  Талғар ауданы №7 мектеп-лицейінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанар Бағысова, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмыс бөлімінің меңгерушісі Самал  Бәкірова,  «Жетісу» телеарнасының үйлестірушісі Эльмира Сарымолдаева бар.