Копенгагенде лаңкестер халыққа бір тәулікте екі рет қарулы шабуыл жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияның астанасы Копенгаген қаласында бір тәулік ішінде екі рет лаңкестер шабуылы орын алды. Шабуыл салдарынан алты адам жарақаттанып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Би-би-си.

Копенгагенде лаңкестер халыққа бір тәулікте екі рет қарулы шабуыл жасады

Бірінші шабуыл кезінде дінді қорлау және өз пікірін еркін білдіру тақырыбында өтіп жатқан ашық пікірсайысқа жиналған халықты қорғап тұрған үш полицей жарақат алған. Оларға қарулы екі адам оқ атқан. Осы кезде бір адам қаза тапқан көрінеді.

Қазіргі сәтте шабуыл жасағандар іздестірілуде.

Айта кету керек, бұл пікірсайысқа Мұхаммед (с.а.с) пайғамбарды келекелеген харикатураларды салушы Ларс Вилкс қатысып жатқан.

Содан бірнеше сағат өткен соң қалалық синагога маңында да атыс болды. Бір тұрғын басынан жарақаттанса, екі полицейдің аяқ-қолына оқ тиген.

Екі оқиғаның бір-біріне қатысы бар-жоғы анықталуда.