«Көпэтносты Қазақстандағы полиция қызметі» атты бірлескен жоба аясында төртжақты меморандумға қол қойылды

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат -Бүгін Астанада «Көпэтносты Қазақстандағы полиция қызметі» атты бірлескен жоба аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Ішкі істер министрлігі, ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары және ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы арасында өзара түсіністік туралы төртжақты меморандумға қол қойылды.
None
None

Бұл меморандумның өзі жоғарыда аталған бірлескен жобаның іс жүзіне асуын білдіреді.

Естеріңізге сала кетейік, «Көпэтносты Қазақстандағы полиция қызметі» атты жобаны Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ЕҚЫҰ Аз ұлттар жөніндегі Жоғарғы комиссар дайындаған. Ол ЕҚЫҰ-ның мүше мемлекеттеріне ұлтаралық қатынастар саласын күшейту және жеделдік деңгейінде полиция жұмысының тиімділігін арттыру саласындағы саясат пен заңнаманы дамыту үшін тәжірибелік нұсқаулық беретін Көпұлтты қоғамдағы полиция қызметі мәселелері жөніндегі Аз ұлттар істеріне қатысты ұсынымдар негізінде әзірленген.

Аталған жоба 2012 жылғы маусым мен 2013 жылғы желтоқсан аралығында ҚР Ішкі істер министрлігі мен ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен жүзеге асатын болады. Оның жүзеге асуына ЕҚЫҰ-ның полиция қызметінің стратегиялық мәселелер бөлімі мен Ұлыбритания полиция қызметі саласының сарапшылары қолдау білдірген.

Жоба аясында Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жоғары, орта құрамдағы полиция офицерлері үшін тәжірибелік семинарлар, полиция қызметкерлерін даярлау жөніндегі оқу орталығы үшін арнайы мамандар оқыту жұмыстарын өткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар