Көпір қирап, 11 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігінде салынып жатқан тас көпір опырылып түсті. Оның салдарынан кем дегенде 11 адам ажал құшып, бірнешеуі жарақат алды.

Көпір қирап, 11 адам ажал құшты

Бұл оқиға Гуандун провинциясындағы Маомин қаласында орын алды.

Белгілі болғандай, биліктің тыйым салуына қарамастан, жергілікті тұрғындар елді мекенде көпірдің құрылысын жүргізген. Қала үкіметі бірнеше мәрте құрылыс жұмыстарын жалғастыруға шектеу енгізген көрінеді, алайда тұрғындар үш күндік демалысты пайдаланып, аталған нысандағы құрылысты жандандырған. Осы жұмыстың барысында көпір опырылып түсті, деп жазады шетелдік БАҚ.