Көпірдегі жарылыстан 30 адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні түнде белгісіз біреулер Нигерияның солтүстік-батысында Борно штатындағы көпірді жарып жіберді. Оқиға салдарынан алдын ала мәлімет бойынша 30 адам қаза тапқан, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар үйінді астында әлі көптеген адамның болуы мүмкін екендігін айтуда.
Бұл қастандық әрекетті кім жасағандығы белгісіз. Дегенмен, болжам бойынша жарылысты «Боко Харам» тобының содырлары жасауы мүмкін. Әзірше, бұл қанды оқиға жауапкершілігін ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Жарылыс Гамбору-Нгала қаласында жергілікті тұрғындар содырлар қолынан мерт болған адамдарды жерлеу барысында орын алды. Ол кезде сауытты көлікке мінген «Боко харам» лаңкестері үйлер мен дүкендерге оқ жаудырған болатын. Соның салдарынан 200-ден астам адам қаза тапқан еді.