12:18, 19 Шілде 2015 | GMT +5
Көпірге соғылған екі қабатты автобустың төбесі сыпырылып қалды, бірнеше жолаушы жарақаттанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен түнде Лондонның оңтүстігінде екі қабатты автобус көпірге соғылып, жеті жолаушы жарақаттанды. Ал көліктің төбесі қатты қирады.
РИА Новости хабарлағандай, жүргізуші көпірде ілініп тұрған, оның астымен екі қабатты автобустардың өтуіне тыйым салынғанын білдіретін белгіні елемеген.
Жапа шеккендердің барлығы көліктің екінші қабатында отырғандар. Төртеуі ауруханаға жеткізілді.