Көпқабатты үйлерді қолданысқа беру өкілеті ТЖМ-ге өтуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов кейбір жер үй иелері өрт қауіпсіздігіне жауапты ТЖМ өкілдерін үйіне кіргізбейтінін айтты.

ҚР ТЖМ
Фото: Адлет Беремкулов/ Kazinform

«Жеке тұрғын үй секторы министрліктің бақылауына жатпайтынын, тек аула аралау кезінде ұсыныстармен ғана шектелетінімізді атап өткім келеді. Оған қоса, көп жағдайда халық үйлеріне бас сұқтырмай, кеңес алудан бас тартады», - деді Шыңғыс Әрінов. 

Бірақ сала мамандары маңызды ақпаратт халыққа SMS-хабарламалар, мүлік иелерінің бірлестіктерінің чаттары арқылы жолдап отырған көрінеді.

«Сонымен қатар, көп қабатты тұрғын үйлер мен адамдар көп жиналатын объектілерді пайдалануға қабылдау өкілеттіктерін министрлікке беру мәселесін шешіп жатырмыз», - деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар