Көпқабатты пәтерде газ жарылысынан екі адамды күйік шалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматыда көпқабатты пәтерде газ қоспасы жарылып, 80 жастағы әйел адамның денесін күйік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, жарылыс таңғы 8:00-де Бостандық ауданындағы Орбита-4 шағын ауданы №11 бес қабатты үйде болған.

Қалалық құтқару қызметінің баспасөз қызметі мәлімдегендей,  төртінші қабаттағы пәтерде газ ауа қоспасы жарылып, 80 жастағы әйелді күйік шалды. Қазір әйел ауыр жағдайда Орталық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған.

Сондай-ақ, төтенше жағдайдан 45 жастағы ер адам жапа шекті. Ол №4 ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, жарылыс салдарынан пәтердің есіктері мен терезелері сынып, жиһаздар бүлінді.

Соңғы жаңалықтар