Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Көпқабатты тұрақтан көлік құлап, үш адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Йокосука  қаласында (Канагава префектурасы) көлік тұрағының бесінші қабатынан көлік құлап, оның ішіндегі үш жолаушы қаза тапты.

Көпқабатты тұрақтан көлік құлап, үш адам мерт болды

 Бұл туралы The Tokyo Reporter 31 желтоқсан күні хабарлады, деп жазды lenta.ru.

Тағы екі жолаушы - 20 жастағы ер адам мен 11 жастағы бала ауыр жарақат алды. Олар ауруханаға жатқызылды.

Japan Today хабарлауынша, машина бір метр болатын кедергіні соғып өтіп, 15 метр биіктіктен құлаған. Полицияның болжауынша, жүргізуші абайсызда газ педалін басып қалған.