08:42, 17 Мамыр 2012 | GMT +5
Көппәтерлі үйде болған өртте екі адам қаза тапты - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін, таңсәріде Қостанай облысының Рудный қаласында 6 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт болды.

Жалын бір сағаттан кейін толығымен сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске ҚР ТЖМ Қостанай облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Оқиға орнында 45 жастағы ер азаматтың және 67 жастағы әйелдің мәйіттері табылды.