Көппәтерлі үйлердегі жылу энергиясын есептейтін ортақ құрал субъектілер есебінен орнатылады - М.Оспанов

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Көппәтерлі үйлердегі жылу энергиясын есептейтін ортақ құрал субъектілер есебінен орнатылады.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада ұйымдастырылған брифинг барысында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов мәлім етті.

«Бүгінгі өзекті мәселелердің бірі көп пәтерлі үйлердегі жылу энергиясын есептейтін ортақ құралдармен қамтамасыз ету болып отыр. Мұндай құралдардың бағасы қымбат екенін ескеріп, біз оларды субъектілердің есебінен орнатуды шештік», - деді ол.

Агенттік басшысының атап өтуінше, олар инвестициялық бағдарламалар немесе сараланған тарифтерді белгілеу есебінен орнатылатын болады.

«Әрине, аталған ұсынысты жүзеге асыру үшін заңнамаға өзгертулер енгізу қажет. Біз оған бастамашы боламыз», - деді М.Оспанов.

Соңғы жаңалықтар