Көптеген аймақтарда зиянды заттар көмусіз жатыр ? Ауыл шаруашылығы министрлігі

None
None
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ауыл шаруашылығы саласындағы пестицидтер мен олар салынатын ыдыстарды көметін арнайы орындардың болмауы салдарынан тұрғындардың денсаулықтарына үлкен қауіп төніп тұр.
Бұл туралы бүгін ақпарат құралдарының өкілдерімен болған баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Серік Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, шаруашылық саласындағы зиянды заттарды көму үшін қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау сияқты бірнеше органдардың өкілдері қатысулары керек және осы істің жүзеге асырылғандығы жөнінде арнайы хаттама толтырылуы тиіс. «Ал бұл жұмыстар елімізде талапқа сай атқарылмай отыр. Бұның басты себебі, еліміздің көптеген аймақтарында зиянды заттарды көметін орындар жоқ», - дейді министрлік өкілі.Оның мәліметтеріне қарағанда, 2006-2008 жылдар аралығында республикада 37 мың 252 пестицидтерге арналған ыдыс пен 4 мың 698 полиэтилен қалта және 5 мың 579 құты жойылған. Сондай-ақ 1 мың 543 тонна пестицид көмілген. Ал көмілмеген пестицидтердің мөлшері 105 тоннаны құрап отыр. «Бұлар қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына аса зиянды», - дейді С.Сүлейменов. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Ақмола, Қостанай, Павлодар сияқты облыстарда ғана зиянды заттарды көметін орындар бар.
Соңғы жаңалықтар
telegram