«Көптүсті Гуйчжоу – 2026» халықаралық фотокөрмесі: 1000-нан астам туынды қойылды

АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Гуйчжоу провинциясы Цяньнань-Буи-Мяо автономиялық округінде қарасты Либо уезінде «Көптүсті Гуйчжоу – 2026» XIX Қытай халықаралық экология тақырыбындағы фотокөрме және алғашқы «Көптүсті Гуйчжоу жер өнері маусымы» ашылды. 

«Көптүсті Гуйчжоу – 2026» XIX Қытай халықаралық бастапқы экология фотокөрмесі
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

Биылғы фотокөрме «Гуйчжоудағы өмір: жарық пен көлеңкеде» тақырыбымен өтіп жатыр. Онлайн және офлайн форматта 1000-нан астам фотожұмыс ұсынылған. Экспозициялар мәдениет, туризм, спорт, медицина, бизнес және көлік салаларын қамтиды.

«Көптүсті Гуйчжоу – 2026» XIX Қытай халықаралық бастапқы экология фотокөрмесі
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

Көрме дәстүрлі залдармен шектелмей, Хунцзян ауылының көшелері, көне үйлер, аулалар мен табиғи кеңістіктерде ұйымдастырылған.

«Көптүсті Гуйчжоу – 2026» XIX Қытай халықаралық бастапқы экология фотокөрмесі
Фото: Қаракөз/ Kazinform

Фотосуреттер арқылы Гуйчжоудың табиғаты, ауыл өмірі, жергілікті мәдениеті мен туристердің күнделікті тыныс-тіршілігі көрсетіледі.

«Көптүсті Гуйчжоу – 2026» XIX Қытай халықаралық бастапқы экология фотокөрмесі
Фото: Қаракөз / Kazinform

Іс-шараға Франция, Италия және басқа да елдерден фотографтар қатысып жатыр. Сонымен қатар «Ортақ Жібек жолының сәулесі» атты Орталық Азия елдерінің арнайы көрмесі ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның фотографтары мен фотоұйымдары қатысып отыр. 

Алдағы уақытта көрмені Қырғызстанда және басқа елдерде өткізу жоспарланған.

«Көптүсті Гуйчжоу – 2026» XIX Қытай халықаралық бастапқы экология фотокөрмесі
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

Жер өнері маусымы аясында ауыл шаруашылығы көріністері, ауыл сәулеті мен табиғи кеңістік өнер нысандарына айналдырылған. Екі шара да 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

«Көптүсті Гуйчжоу – 2026» XIX Қытай халықаралық бастапқы экология фотокөрмесі
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

Бағдарламада фотокөрме бойынша дөңгелек үстел, AI-бейнелеу технологиялары салоны, Қытай–АСЕАН жоғары деңгейлі академиялық форумы және ауыл жәрмеңкесі бар.