12:32, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 148,50 теңге
АЛМАТЫ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы Т+ 0 (USD_TOD) есебімен аяқталды.

USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 11 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін - 148,50 теңгені, ал сауда көлемі 48 100 мың долларды құрады. Кешегі сауда қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 1,04 теңгеге арзандап отыр.