Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 150,27 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 150,27 теңгені құрады
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 22 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,27 теңгені, ал сауда көлемі 58 440 мың долларды құрады. Өткен жұмадағы таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,12 теңгеге өсіп, сессия көлемі 52 690 мың долларға азайып отыр.