Қор нарығында доллар 12 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

Қор нарығында доллар 12 теңгеге қымбаттады
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 12,8 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 518,31 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 520 теңге. Еуро 566 — 573 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 526 теңге, сатып алу құны — 520 теңге. Еуро 570 теңгеден сатып алынып, 576 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,93 - 6,00 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 7 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 504,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,97 теңге. Еуро — 556,34.

Бұған дейін ақша айырбастау орындарында АҚШ ақшасының қымбаттағаны туралы жазған едік

Осыған дейін Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеген болатын

Бұдан бөлек, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтергені туралы жазған едік

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар