Ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттап жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 517– 523 теңгеден саудаланып жатыр.

валюта
Фото: pexels.com

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 518 теңге. Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Кей жерлерде 519-524 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 7 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 504,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,97 теңге. Еуро — 556,34.

Осыған дейін Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді. 

Сондай-ақ Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтергені туралы жазған едік. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Сондай-ақ Сауда министрлігі Трамптың жаңа баж салығына қатысты мәлімдеме жасады. 

Соңғы жаңалықтар