18:56, 19 Наурыз 2024 | GMT +5
Қор нарығында доллар 1,78 теңгеге қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,78 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 451,08 теңге.
Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 449,30 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,89 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 450,01 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 452,01 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 449 теңге, сатып алу құны – 454 теңге.
Ресей рублі 4,79 – 4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.