16:00, 16 Шілде 2024 | GMT +5
Қор нарығында доллар 2 теңгеге қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,00 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 474,62 теңге.
Ұлттық банктің 16 шілдедегі ресми бағамы — 1 долларға 472,49 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,41 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 475,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 476,3 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 473 теңге, сатып алу құны — 477 теңге.
Ресей рублі 5,25 — 5,40 теңге аралығында саудаланып жатыр.