Қор нарығында доллар арзандады
Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kazinform.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,90 теңгеге төмендеп, 1 доллар 453,64 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 28 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 455, 50 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 454,5 теңге, сатып алу – 456,9 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 454 теңгеден болса, сатып алу – 456 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,93 – 5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,96 – 5 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, Қор нарығында доллар төртінші күн қатарынан арзандап жатыр.