Қор нарығында доллар 3 теңгеге жуық арзандады

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kazinform..

Доллар
Фото: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,57 теңгеге төмендеп, 1 доллар 475, 86 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 24 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 478, 77 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 475,5 теңге, сатып алу – 478, 1 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңгеден болса, сатып алу – 479

Алматыда Ресей рублі 4,97 – 5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5 – 5,15 теңгеден сатылуда.