Қор нарығында доллар 3,13 теңгеге арзандады

доллар
Фото: freepik.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,13 теңгеге төмендеп, 1 доллар 471,83 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 2 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 475,18 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 472,5 теңге, сатып алу – 474,7 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы 469 теңгеден болса, сатып алу – 474 теңге.

Алматыда Ресей рублі 5,29 – 5,41 теңге аралығында саудалануда.

Астанада көрші ел валютасы 5,2 – 5,4 теңгеден сатылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram