Қор нарығында доллар 3,13 теңгеге қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 3,13 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 492,14 теңге.
Kurs.kz мәліметінше,қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 492,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 493,9 теңге.Еуро 528 — 532теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 490 теңге, сатып алу құны – 495 теңге.Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 4,97 – 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 6 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 488,91 теңге.Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,00 теңге.Еуро — 532,62.