Қор нарығында доллар 3,41 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,41 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 449,74 теңге.

доллар
Фото: Kazinform

Ұлттық банкттің ресми бағамы – 1 долларға 446,03 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,03 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 447,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 450,1 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 448,5 теңге, сатып алу құны– 452,5 теңге.

Ресей рублі 4,95 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.